Разработки внеклассных мероприятий

Рассмотренных обращений: 1
Не рассмотренных обращений: 0

соңғы қоңырау
Автор: Махамбетова Б.Т.

"Күз- береке молшылық"

 

5-8 сыныптар

Өткізген: Махамбетова Б.Т.

 

2012 - 2013 оқу жылы

 

 

 

Мақсаты: «Алтын күз» мағынасын ашатындай әр көкөністерге сипаттама беру, сахналық қойылымдарда ойнай білуін дамыту, эстетикалық тәрбие беру, молшылық қадірін білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Алтын күзге» газеттер, кәрзеңкедегі жеміс – жидектер, экибана, шарлар.

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар!

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді,

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді, - деп, Қ. Мырзалиев ағамыз жырлағандай бүгінгі «Күзгі бал» мерекемезді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.  «Күзгі балды» 6А сыныбы ұйымдастырып отыр.  Бал - сайыс түрінде өтеді.

Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

1.    Күзгі вальс

2.    Бір көкөкністі таныстыру (сахналық қойылым)

3.    Күзгі экибана

4.    Ханзада мен ханшайымның өнері.

5.    Шығарған газеттерін қорғау.

ІІ Мұғалім: Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

1.    Мектептің психологі: Сагалиева Д.Т.

2.    Ата-ана: Ашимова З.Ж.

3.    Мектептің президенті: 10А сынып оқушысы: Бейсенбаева Д.

Ортаға 6А сынып оқушыларын шақырамыз. Дыбыстап «Алтын күзді» шақырып алады.

Алтын күз: - Армысыздар, достарым!

І Жүргізуші: Қазақ деген даламнан,

Әруақты бабамнан.

Ардагерім әкемнен,

Ақ жаулықты анамнан.

Сәлем саған, Алтын күз!

Сайқымазақ  жүгіріп шығады.

 

Сайқымазақ: Алақай-ау, алақай,

Бүгін мейрам, балақай.

Көңілді ғой Алтын күз,

Кел, балақай, сапты тіз.

Әрі сұлу, әрі алтын, әрі игі,

Келші күзім шуақты, мерекелі,

Құдіретіңе мен сенің бас иемін,

Сенен ғана нәр алдым, берекелі,

Алақай-ау, алақай,

Бүгін мейрам, балақай.

Көңілді ғой Алтын күз,

Кел, балақай, сапты тіз.

 

ІІ Жүргізуші: Алтын күзді қарсы алып

Би билейміз, ән салып.

Ұлы тойдай ұлы ісім,

Жаралған ел жыр үшін.

Бақта сұлу жемісім,

Қырда бидай – ырысым.

 

Алтын күз: Жарайсыңдар, рахмет!

І Жүргізуші: - Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі,

Алтын күзім тойланатын күн осы.

Жасыл далам, сары далаға айналып,

Алтын күзге айналады жыр осы.

 

ІІ Жүргізуші: Табиғатым сары көйлек киеді,

Күзгі балды тойлауға жұрт жиылды.

Рұқсат болса бастайық осы кешті.

Әрбір сынып дайындалсын вальске.

 

І Жүргізуші: Құрметті әділ қазылар! Әр сыныптың билерін бағалап отырыңыздар. Ортаға 5А сыныбын шақырамыз.

-         «О заманда ашқан қазақ өнер сырын,

Шақырған сайыстарға бірі-бірін.

 

Тындайық тамашалап, көрермендер,

Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін.»

ІІ Жүргізуші: Құрметті оқушылар  сайысымыздың  ІІ туры «Көкөністерді таныстыру»

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз тәнімен.

Өз қолынан шығарған киім үлгісін,

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен, - дей келе келесі кезекті 5А, 5Ә сыныптары.

І Жүргізуші: Үшінші тур «Экибана»

-         Көрсетеді өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Мерекелік экибана жасапты,

Қыздарымыз бармақтары майысып.

ІІ Жүргізуші: «Өнерлі өрге жүзеді» демекші келесі IV бөліміміз «Ханзада мен ханшайымның» өнерлерін тамашалау.

-         Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар.

Оның сырын ашқанда жұрт қызығар.

Ханзада мен ханшайымды шақырамыз

Өнерлерін тамашалап бәріміз.

І Жүргізуші: Ендігі соңғы 5 бөлім  шығарған газеттерін қорғау.

-         Күз ұсынып егісі мен жемісін,

Әкеліпті халыққа бір молшылық

Сары жапырақ алтындай болып төгілсін,

Елімізде болсын әркез көпшілік, - дей келе әр сынып өздерінің газеттерін әділ-қазылар алқасына көрсетсін.

Мұғалім: Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге «берекелі күз», «алтын күз» деп баға берген.

 

Алтын, себебі, біріншіден, айналаның бәрі сапсары бояуға емес, алтынға малынған. Алтын – байлықтың белгісі. Бүгінгі «Күзгі бал» мерекесін қорытындылауға сөз кезегін әділ-қазылар алқасына берейік.

 


Просмотров: 880
Дата создания: 18.10.2012
Дата редактирования: 18.10.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource